Қазақстан қор нарығы тарихында ең ірі IPO шеңберінде"ҚазМұнайГаз"акцияларының сауда-саттығы басталды. Акцияларды сатып алған қазақстандықтар 3 жыл бойы кепілдендірілген дивиденд алады. Бұл азаматтардың IPO-ға деген сенімдерін арттырмақ. Айта кетейік, 9 қарашадан 2 желтоқсанға дейін ұлттық компанияның акцияларын сатып аламын деушілер өз өтініштерін берген болатын. Науқан барысында инвесторлардан 181 млрд теңгеге 129 мыңнан аса өтінім келген. Өткен айда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы алғаш рет жария түрде акцияларын сатуды ұсынып IPO-ға шығатынын мәлімдеді. Бағалы қағаздарды үш түрлі инвесторлар сатып ала алады. Біріншісі ел азаматтары, одан кейін қазақстандық және халықаралық ірі инвесторлар. Айта кетейін, бір акцияның құны 8 406 тенгені құрайды. Сауда-саттықтың бірінші сағатының өзінде бұл сома 10 пайызға өткен. МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы: – 129 мыңға жуық қазақстандық отандық және заңды жеке тұлғалар бізге сенім білдіріп Қазмұнайгаз компаниясының акционері болып атанды. Мына IPO туралы шешім біренеше жыл қабылданған болатын. Дегенмен бұл 2009 жылдан бері талқыланып келе жатқан. Халық IPO-ға қатысу үшін Қазақстан бойынша 1000-нан аса Қазпошта бөлімшелерінде және Tabys қосымшасы арқылы өтінім берді. Әсіресе Халық банкі қосымшасы арқылы өз өтінімдерін бергендердің саны көп. Ел тарихындағы алғашқы цифрлы IPO барысында Халық банктің бұл жеке брокеридж сегментіндегі алғашқы ауқымды жұмыс тәжірибесі. ҮМІТ ШАЯХМЕТОВА, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы: – Шамамен 90 мың өтінім, яғни жалпы берілген өтінім санының 70%-ы Halyk Homebank қосымшасындағы Halyk Invest сервисі арқылы жолданғаны бізді қуантады. «ҚазМұнайГаз» IPO-сына қатысу үшін цифрлы каналдарды пайдаланған жалпы адамдар саны бөлінісінде банкіміздің клиенттері үлесіне қарайтын болсақ, барлық жаңа жеке инвесторлардың 53% біздің қосымша арқылы компанияның акционері атанды. Қазмұнайгаз акцияларды сату кезінде жеке тұлғаларға басымдық беруді көздеп отыр. Ал компания басшылығы бағалы қағаздардың тегін таратылуы туралы сыбысты жоққа шығарды. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -🤍🤍youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - 🤍🤍facebook.com/informburo31/ Instagram - 🤍instagram.com/informburo31 Vkontakte - 🤍vk.com/informburo31 TikTok - 🤍tiktok.com/🤍informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал